30.03.2026 10:41
«Интер» Бастонидің орнына футболшы тапты
30.03.2026 10:41
«Арсенал» қорғаушысы Риккардо Калафьори отанына оралуы мүмкін

FcInterNews хабарлауынша, оған «Интер» қызығушылық танытып отыр. Миланның клубы Риккардоны «Барселонамен» келіссөз жүргізіп жатқан Алессандро Бастонидің орнына қарастырып отыр. «Нерадзурри» осы бойынша Калафьоридің агентімен байланысқа шығыпты.
23 жастағы италиялық қорғаушы Лондонның клубына 2024 жылы «Болоньядан» 43,7 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 29 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.