30.03.2026 12:31

Рэшфордқа екі клуб көз тікті

30.03.2026 12:31

«Барселонада» маусым соңына дейін жалда жүрген «Манчестер Юнайтед» вингері Маркус Рэшфорд клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 28 жастағы англиялық шабуылшыны ПСЖ мен «Милан» өз қатарынан көргісі келеді. Бұл клубтар Маркусты біраздан бері бақылап жүр және «Барселона» оны 30 миллион еуроға толықтай сатып алмаса ресми ұсыныс жасауға дайын.

Рэшфорд Каталония клубына өткен жазда қосылған еді. Ол «блауграна» сапында 39 матчта 10 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram