24.11.2025 21:07
Родри әлі оралмайды
24.11.2025 21:07
«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола жарақат алған шәкірті Родриге қатысты пікір білдірді

– «Родри жақында қатарға оралады, бірақ әлі дайын емес»,– деді 54 жастағы испан маманы.
Родри осыған дейін 5 қазан күні «Брентфордке» (1:0) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алып, содан бері жеті матчтан тыс қалған еді. Ал осы маусымда сегіз кездесуге қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Айта кетейік, «Манчестер Сити» ертең, 25 қарашада Чемпиондар лигасында «Байерді» қабылдайды.