24.11.2025 17:21

«Копенгаген» – «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды

24.11.2025 17:21

Чемпиондар лигасының 5-туры аясында «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенмен» кездеседі

Бұл матчта жұмыс істейтін төрешілер тобы белгілі болды.

Атап айтсақ бас төреші қызметін Николас Уолш (Шотландия) атқарады. Оған қос қапталдан Дэниэл Маркфарлейн мен Фрэнсис Коннор (екеуі де – Шотландия) көмектеседі. VAR жүйесіне Майкл Салисбери (Англия ) және Роберт Шродер (Германия) жауапты. Ал Дональд Робертсон (Шотландия) төртінші қазы болады.

Дания астанасы Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтетін кездесу 26 қараша күні сағат 22:45-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram