24.11.2025 20:34

Педри «Челсиге» қарсы ойнамайды

24.11.2025 20:34

«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри «Челсиге» қарсы ойынға қатыспайтын болды

Испания жартылай қорғаушысы Эль-класикода (1:2) алған бұлшық етіндегі жарақатынан әлі толық айықпапты. Осыған байланысты Лондондағы матчқа шақырту алған футболшылар тізіміне енбей қалды.

Ал Маркус Рэшфорд болса керісінше қатарға оралды. 28 жастағы шабуылшы осыған дейін тұмауратып қалып, салдарынан «Атлетикпен» (4:0) ойынды өткізіп алған еді.

Айта кетейік, «Стэмфорд Бридж» стадионында өтетін Чемпиондар лигасының 5-турындағы кездесу ертең, 25 қараша сағат 01:00-ге жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram