19.02.2026 18:48
Робертсон «Ливерпульден» кетеді
19.02.2026 18:48
«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон маусым соңында командадан кетеді

Topskills Sports UK хабарлауынша, 31 жастағы шотландиялық қорғаушы «қызылдармен» 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.
Бүгінде оны «Тоттенхэм» қатарына еркін агент ретінде қосқысы келеді. Сондай-ақ Эндрюге Сауд Арабиясы, Түркия және Шотландияның клубтары қызығушылық танытып отыр екен.
Робертсон Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 24 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.