17.02.2026 14:32
Беллингем ұзақ уақытқа қатардан шықты
17.02.2026 14:32
«Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің жағдайы белгілі болды

22 жастағы англиялық ойыншы «Райо Вальеканоға» (2:1) қарсы матчта сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.
The Athletic хабарлауынша, оның бұл жарақаты ойлағаннан әлдеқайда ауыр болып шықты. Осыған байланысты Джуд шамамен 6-8 апта командасына көмектесе алмайды екен.
Бұл оның мансабындағы сегізінші жарақаты болды. Бұған дейін 149 күні емделуге кетіп, 25 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 28 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.