17.02.2026 11:37
Чалханоглу «Интерде» қалады
17.02.2026 11:37
«Интер» Хакан Чалханоглуды сақтап қалғысы келеді

Николо Скираның хабарлауынша, «нерадзурри» наурыз айында 32 жастағы түрік жартылай қорғаушысына 2028 жылға дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынбақ. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылады екен.
Чалханоглу «Интерге» 2021 жылы «Миланнан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 23 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.