17.02.2026 09:27
«Ювентус» шабуылшысы жарақат алды
17.02.2026 09:27
«Ювентус» шабуылшысы Джонатан Дэвид жарақат алды

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, 26 жастағы канадалық форвардтың шап тұсы сыр беріпті. Осыған байланысты бүгін, 17 ақпанға жоспарланған «Галатасарайға» қарсы ойынға қатыспайды екен.
Ал бұған дейін тобық жарақатына байланысты «Интерге» қарсы ойнамаған Кефрен Тюрам алаңға шығуға дайын.
Дэвид осы маусымда 34 матчта жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді.