17.02.2026 10:35
Дембеле «Монакоға» қарсы ойнамауы мүмкін
17.02.2026 10:35
ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле кішігірім жарақат алды

28 жастағы французды кешегі жаттығу кезінде бұлшық еті мазалапты.
Осыған байланысты бүгін, 17 ақпанда Чемпиондар лигасының аясында өтетін «Монакоға» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін екен.
Дембеле осы маусымда 24 матчта 11 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.