17.02.2026 12:49
Нико Уильямс АПЛ-ге ауысуы мүмкін
17.02.2026 12:49
«Атлетик» жұлдызы Нико Уильямс мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 23 жастағы испан вингеріне «Арсенал» қызығушылық танытуда. «Зеңбірекшілер» оны келер жазда қатарына қосқысы келеді. Ол үшін кемі келісімшартында көрсетілген сатып алу құны 100 миллион еуроны төлеуі керек. Никоның өзі де Бильбаодан кетіп, ат басын Англияға бұруға дайын екен.
Уильямс осы маусымда 26 матчта төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Күні кеше ғана оның шап тұсында жарақаты бар екені анықталып белгісіз мерзімге қатардан шықты. Никоның «Атлетикпен» келісімшарты 2035 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.