16.01.2026 00:58
Ришарлисон қатардан шықты
16.01.2026 00:58
«Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисон жарақат алды

28 жастағы форвард Англия кубогының 1/32 финалы аясындағы «Астон Виллаға» (1:2) қарсы ойында сол аяғының сан бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен жеті апта уақыт командасына көмектесе алмайды. Бұл оның мансабындағы 21-жарақаты болды. Бұған дейін 536 күні емделуге кетіп, 96 матчтан тыс қалған.
Ришарлисоннан бөлек «Тоттенхэмнің» тағы екі ойыншысы Родриго Бентанкур мен Мұхаммед Кудус дәл осындай жарақат алып, үш айға жуық уақытқа қатардан шыққан еді.