15.09.2025 18:24

«Реалмен» ойында алаңға шығуы мүмкін Шерхан Қалмырза пікір білдірді

15.09.2025 18:24

Темірлан Анарбековтың матч кезінде жарақат алып қалуына байланысты «Ақтөбеге» (1:0) қарсы ойында дебют жасаған «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза пікір білдірді

— «Әрине, алғашында толқыдым. Бірақ ойынға кіргеннен кейін сенімділік пайда болды. Әріптестеріме нұсқау беріп, ойынды бақылауға алдым. Командаластарыма қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын.

«Спортингке» қарсы ойнаймын ба? Бәрі мүмкін. Әзірге нақтысын айта алмаймын. Бірақ, бар ынтаммен дайындаламын, өз күшіме сенемін.

Анарбековтың жағдайы қалай? Толық білмеймін. Дегенмен, әріптесіме барынша қолдау көрсетемін. Мейлінше тезірек қатарымызға оралады деген үміттемін,– деді Қалмырза Vesti.kz тілшісіне.

Біздің инсайдтық ақпаратқа сәйкес Анарбеков алдағы бір ай бойы командасына көмектесе алмайды. Одан бөлек бірінші қақпашымыз Александр Заруцкий де ұзақ уақытқа қатардан шыққан еді.

Осыған байланысты Шерхан Қалмырза «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы екі ойынында қақпаға тұруы мүмкін.

Айта кетейік, алматылықтар 18 қыркүйекте сырт алаңда «Спортингке» қарсы ойнаса, 30 қыркүйекте Алматыда мадридтік «Реалды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram