02.05.2026 10:30

«Реалдың» үздік ойыншысы белгілі болды

02.05.2026 10:30

Арда Гүлер «Реалдың» сәуірдегі үздік ойыншысы атанды

21 жастағы түркиялық жартылай қорғаушы өткен айда бес матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Винисиус Жуниорды, Федерико Вальвердені, Джуд Беллингемді және Антонио Рюдигерді артқа тастады.

«Бланкос» Арданы 2023 жылы «Фенербахчеден» 28 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 50 матчта алты гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram