29.07.2026 17:35
«Реалдың» екі ойыншысы «Фулхэмге» ауысуы мүмкін
29.07.2026 17:35
«Реал» жартылай қорғаушысы Сесар Паласиос пен шабуылшы Гонсало Гарсия «Фулхэмге» ауысуға жақын

The Athletic хабарлауынша, «ақтар» екі ойыншымен де келіссөз жүргізіп жатыр. Команданың бас бапкері Альваро Арбелоа бұрынғы шәкірттерін өз командасында көргісі келеді. «Фулхэмге» Гарсияны алу үшін «Реалға» кемі 30 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасау керек екен.
21 жастағы Паласиос «Реалдың» негізгі құрамында биыл қаңтар айында дебют жасап, содан бері жеті матчта алаңға шықты. Ал 22 жастағы Гарсия өткен маусымда 39 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.