24.04.2026 00:33
«Реалдан» бір ойыншы кетеді
24.04.2026 00:33
«Реал» жартылай қорғаушысы Дани Себальос маусым аяқталысымен клубтан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2027 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады.
29 жастағы испаниялық ойыншы қазіргі таңда «Аякс» және тағы екі клубпен келіссөз жүргізіп жатыр екен.
Себальос «бланкос» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта командамен Испанияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында үш мәрте топ жарды. Осы маусымда 22 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.