23.04.2026 21:57

Винисиус «Реалмен» келісімге келді

23.04.2026 21:57

«Реал» вингері Винисиус Жуниор клубта әлі біраз ойнайды

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде алдын-ала келісімге келді. Жаңа шарт ұзақ мерзімге жарамды болады екен. Қазір әлі шешілмей қалған құжаттағы пункттер талқыланып жатыр.

Бірақ Винисиус өзі сұрағандай жоғары жалақы ала алмайтыны анық, командада ең көп табыс табатын ойыншы Килиан Мбаппе болып қала береді.

25 жастағы бразилиялық ойыншы «бланкос» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 48 матчта 18 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram