05.05.2026 16:22
«Реал» жанкүйерлері Мбаппенің кетуін қалайды
05.05.2026 16:22
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің басы дауға қалды

«Бланкос» жанкүйерлері оның клубтан кетуін талап етіп, бірнеше сағат бұрын онлайн-петиция ұйымдастырыпты. Нәтижесінде қазірдің өзінде 142 мың адам мұны қолдап, петицияға қол қойды. Алғашында мақсат 50 мың дауыс жинау еді, бірақ Килианға қарсы шыққандар минут сайын артуда.
Бұған дейін Мбаппенің сауық-сайран құрып, жаттығулардан кешіккені және клуб қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткені туралы қауесеттер тараған еді. Көптеген басылымдар Мбаппе келгелі «Реалда» ішкі атмосфера бұзылғанын жазып жатыр. Ол командаластарының арасында тек француздармен жақсы қарым-қатынаста екен, ал Винисиус Жуниормен тіпті сөзге келіп қалған. Осыған байланысты оның агенті әрі анасы Файза Ламари президент Флорентино Переске нақты талап қойыпты: не командадан Винисиус Жуниор кетеді, немесе Килианның өзі клубпен қош айтысады. Бұл туралы журналист Франсуа Галлардо мәлімдеді.
27 жастағы француз форварды «Реалға» 2024 жылы ПСЖ-дан еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта 41 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.