05.05.2026 11:35

Энцо Фернандес «Арсеналға» ауысуы мүмкін

05.05.2026 11:35

«Челси» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Энцо Фернандес «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, «зеңбірекшілер» ол үшін АПЛ тарихында болмаған 150 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын. Бұған дейінгі рекордты «Ливерпуль» тіркеп, «Ньюкаслдан» Александер Исакты 145 миллион еуроға сатып алған еді.

Одан бөлек 25 жастағы аргентиналық ойыншыға «Манчестер Сити», «Реал» және ПСЖ көз тігіп отыр.

Лондонның клубы Энцоны 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 50 матчта 13 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram