05.05.2026 10:53

«Барселона» Гордонға көз тікті

05.05.2026 10:53

«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, оған «Барселона» қызығушылық танытуда. 25 жастағы англиялық ойыншы Каталонияның клубына қатты ұнайды екен. Бірақ оны алу қиынға соқпақ, «Ньюкасл» басты жұлдызын 80 миллион фунт стерлингке (92,8 миллион еуро) бағалап отыр.

Одан бөлек «блауграна» «Бетисте» жарқырап жүрген 24 жастағы марокколық вингер Абде Эззалзулиді өз қатарынан көргісі келеді.

Гордон осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Оған көз тіккендердің қатарында сондай-ақ «Бавария», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Челси» бар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram