05.05.2026 14:45

«Эвертон» антирекорд орнатты

05.05.2026 14:45

Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Эвертон» өз алаңында «Манчестер Ситимен» тең тарқасты

Матч 3:3 есебімен аяқталып, соңғы голды «Манчестер Сити» вингері Жереми Доку 90+7-минутта соқты.

Осылайша Мерсисайдтың клубы Ағылшын Премьер-лигасының тарихында үш матч қатарынан 90+ минутта қақпасына гол өткізген алғашқы команда атанды. Бұған дейін «скаузерлерді» «Вест Хэм» (1:2) мен «Ливерпуль» (1:2) сан соқтырып кеткен еді.

35 турдан кейін 48 ұпай жинаған Дэвид Мойес шәкірттері ішкі біріншілікте 10-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram