05.05.2026 14:27
Фоден «Манчестер Ситиде» қалады
05.05.2026 14:27
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден клубта әлі біраз ойнайды

The Athletic хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың жазына дейін ұзартуға жақын. Сондай-ақ тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады екен. Қазір құжаттың соңғы мәселелері реттеліп жатыр, жақында ресми түрде қол қойылады.
Фоден – «Манчестер Сити» түлегі. 25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 46 матчта 10 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.