15.02.2026 12:26
«Реал» рекорд орнатты
15.02.2026 12:26
«Реал» пенальти тебуден рекорд орнатты

Мадридтің клубы Испания Ла Лигасының бастапқы 24 турында 11 метр айып добынан ең көп соққы жасаған клуб атанды. Альваро Арбелоаның шәкірттері осы маусымда 13 пенальтидің 11-ін голға айналдырды. Ал қалған екеуін Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор сәтті пайдалана алмады.
Осылайша «бланкос» бұл көрсеткіш бойынша 1950/51 және 2015/16 жылғы маусымда тіркеген «Барселонаның» көрсеткішінен (12 пенальти) асып түсті.
24 турдан кейін 60 ұпай жинаған «Реал» ішкі біріншілікте көш бастап келеді.