15.02.2026 12:02

«Манчестер Сити» рекорд жаңартты

15.02.2026 12:02

Англия кубогының 1/16 финалында «Манчестер Сити» өз алаңында «Солфордты» тізе бүктірді

Бұл «қалалықтардың» осы турнир аясында өз алаңы «Этихадтағы» қатарынан 17-жеңісі болды.

Осылайша «Манчестер Сити» бұл көрсеткіш бойынша 1873-1881 жылдар аралығында тіркеген «Клэпхэм Роверстың» рекордын қайталады.

Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі кездесуін 21 ақпан күні АПЛ 27-туры аясында «Ньюкаслға» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram