15.02.2026 03:15

«Интер» «Ювентустен» басым түсті

15.02.2026 03:15

Италия А Сериясының 25-турында «Интер» өз алаңында «Ювентусты» 3:2 есебімен жеңді

Матчта алғаш болып «Ювентус» ойыншысы Андреа Камбьясо автогол соғып алса, арада 10 минут өтпей ол қарсылас қақпасының торын тулатты. Кейін Франческо Эспозито алаң иелерін есепте алға шығарды. Бірақ көп ұзамай Мануэль Локателли таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын 90-минутта Петр Зелинский соқты.

Осылайша 61-ұпайын олжалаған «нерадзурри» турнир кестесінде көш бастады. Ал 46 ұпайы бар Туриннің клубы бесінші сатыда келеді.

Келесі турда Кристиан Кивудың шәкірттері «Леччеге» қонаққа барса, Лучано Спаллеттидің командасы «Комоны» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram