14.02.2026 22:03

«Манчестер Сити» жеңіске жетті

14.02.2026 22:03

Англия кубогының 1/16 финалында «Манчестер Сити» өз алаңында төртінші дивизионның клубы «Солфордты» жеңді

«Этихад» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. Матчтың 6-минутында Альфи Доррингтон өз қақпасына гол соғып алды. Ал 81-минутта Марк Гехи есепті еселеді.

Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі кездесуін 21 ақпан күні АПЛ 27-туры аясында «Ньюкаслға» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram