14.02.2026 20:53
«Барселона» төрешілерге шағым түсірді
14.02.2026 20:53
«Барселона» бүгін, 14 ақпанда төрешілерге қатысты RFEF-ке, төрешілер техникалық комитетінің төрағасына және құқықтық мәселе директорына ресми шағым түсірді

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Барса» төрешілердің шешіміне риза емес. Сондай-ақ бір төрешінің бір эпизодқа байланысты әр матчта әртүрлі шешім қабылдайтынына да наразы. Одан бөлек клуб қазылардың өрескел қателіктері жиілеп кеткенін алға тартып, VAR жұмысында ашықтықтың болуын талап етті.
Сонымен қатар сөз соңында салғырт қызмет көрсеткен мамандарды жауапқа тарту керектігін атап өтті.
Мұндай шешім Испания кубогының жартылай финалындағы «Атлетикоға» (0:4) қарсы ойындағы төрешіліктен кейін қабылданып отыр. Ол ойынды бас қазы ретінде Хуан Мартинес Мунуэра тізгіндеген еді.