14.02.2026 17:22
Игор Тудор «Тоттенхэм» бас бапкері атанды
14.02.2026 17:22
Игор Тудор «Тоттенхэм» бас бапкері атанды

47 жастағы хорват маманы Лондонның клубымен маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Одан кейін «қораздарды» тізгіндеуден Маурисио Почеттино мен Роберто де Дзерби басты үміткер болады екен.
Тудордың соңғы клубы «Ювентус» болған еді. Ол Туриннің ұжымынан 27 қазан күні кетті. Ал «Тоттенхэм» осыған дейінгі бапкері Томас Франкты 11 ақпанда орнынан алып тастады.
26 турдан кейін 29 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 16-орында келеді.