14.02.2026 15:18
Модрич «Миланда» қалады
14.02.2026 15:18
«Милан» Лука Модричті сақтап қалғысы келеді

30 маусымда аяқталатын хорватиялық жартылай қорғаушының келісімшартында тағы бір маусымға ұзарту тармағы бар.
La Gazzetta dello Sport, «россонерри» бұл мүмкіндікті іске қосқысы келеді. Ал Лука бұл ұсыныс бойынша ойланып көреді екен.
40 жастағы Модрич «Миланға» өткен жазда еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.