14.02.2026 12:02

Анчелотти Бразилияда қалады

14.02.2026 12:02

Бас бапкер Карло Анчелотти Бразилия құрамасымен келісімшартты ұзартады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап жақында 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды жаңа келісімге қол қояды.

66 жастағы италиялық маман «селесаоны» мамыр айында тізгіндеген еді. Содан бері команда төрт рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, екі ойында қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, Бразилия 2026 жылғы Әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландиямен бірге С тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram