14.02.2026 11:42
Бруну Гимарайнш қатардан шықты
14.02.2026 11:42
«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнш жарақат алды

28 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы «Тоттенхэмге» (2:1) қарсы матчта сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты 8-10 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Бұл Брунудың мансабындағы төртінші жарақаты. Осыған дейін 54 күні емделуге кетіп, сегіз матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 35 матчта тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.