13.02.2026 23:01
АПЛ клубына бас бапкер тағайындалды
13.02.2026 23:01
Витор Перрейра «Ноттингем Форест» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Келісімшарт маусым соңына дейін есептеледі екен.
Перрейраның соңғы клубы «Вулверхэмптон» болған еді. Ол 2 қарашадан бері жұмыссыз жүр. Ал «Ноттингем Форест» осыған дейінгі бапкері Шон Дайчты кеше, 12 ақпан күні орнынан алып тастады.
26 турдан кейін 27 ұпай жинаған «Ноттингем Форест» Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді.