13.02.2026 21:22

Игор Тудор «Тоттенхэмді» тізгіндейді

13.02.2026 21:22

Игор Тудор «Тоттенхэм» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. 47 жастағы хорват маманы Лондонның клубын маусым соңына дейін тізгіндейді.

Одан кейін «қораздардың» бас бапкері атануға Маурисио Почеттино мен Роберто де Дзерби басты үміткер болады екен.

Тудордың соңғы клубы «Ювентус» болған еді. Ол Туриннің ұжымынан 27 қазан күні кетті. Ал «Тоттенхэм» осыған дейінгі бапкері Томас Франкты 11 ақпанда орнынан алып тастады.

26 турдан кейін 29 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 16-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram