13.02.2026 18:02

Игор Тиаго «Брентфордпен» келісімшартты ұзартты

13.02.2026 18:02

Игор Тиаго «Брентфордте» қалды

Қос тарап келісімшартты 2031 жылдың жазына дейін ұзартты. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

«Аралар» 24 жастағы бразилиялық форвардты 2024 жылы «Брюггеден» 33 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 27 матчта 18 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ағылшын Премьер-лигасының қараша және қаңтар айындағы үздік ойыншысы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram