13.02.2026 17:30
Майкл Кэррик АПЛ-дың үздік бапкері атанды
13.02.2026 17:30
Майкл Кэррик Ағылшын Премьер-лигасының қаңтардағы үздік бапкері атанды

Оның тұсындағы «Манчестер Юнайтед» өткен айда «Манчестер Сити» (2:0) мен «Арсеналды» (3:2) тізе бүктірді.
44 жастағы ағылшын маманы дауыс беру нәтижесінде Андони Ираоланы («Борнмут»), Шон Дайчты («Ноттингем Форест») және Лиам Росеньорды («Челси») артқа тастады.
Осылайша Майкл мансабында алғаш рет аталған жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ ол бұл аталым бойынша 2024 жылдың сәуірінен бері топ жарған алғашқы ағылшын бапкері атанды. Ол кезде «Эвертонды» жаттықтырған Шон Дайч үздік деп танылған.
Кэррик «қызыл сойқандардың» тізгінін 13 қаңтар күні ұстаған еді. Содан бері команда алты матчта бес рет жеңіске жетіп, бірде-бір мәрте ұтылмады.