13.02.2026 14:59

«Барселона» төрешілерге шағым түсіруі мүмкін

13.02.2026 14:59

«Барселона» Испания кубогы жартылай финалы аясында «Атлетикомен» (0:4) ойында болған төрешілікке наразы

Екінші таймда Хуан Мартинес Мунуэра бастаған қазылар алқасы Пау Кубарсидің голын есепке алмай қойды. Дәл осы гол соғылған сәтте VAR жүйесі істемей қалыпты. Осыған байланысты төрешілер офсайд сызығын өздері салған екен.

Mundo Deportivo хабарлауынша, Каталонияның клубы бұл бассыздықты бей-жай қалдырмай, Испания Корольдігінің футбол федерациясына (RFEF) ресми шағым түсіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қос клуб арасындағы қарымта кездесу 3 наурыз күні, «Камп Ноуда» өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram