13.02.2026 14:08

«Манчестер Сити» ойыншысы «Лидске» ауысуы мүмкін

13.02.2026 14:08

«Манчестер Сити» қақпашысы Джеймс Траффорд «Лидске» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, «тауыстар» 23 жастағы ағылшын голкиперін келер жазда қатарына қосып алғысы келеді. «Лидс» оған 35 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын екен.

Траффорд «қалалықтардың» сапына өткен жазда «Бернлиден» 31,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 10 матчта тоғыз гол өткізіп, төрт ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram