14.02.2026 01:19

ПСЖ жеңіліп қалды

14.02.2026 01:19

Франция Бірінші лигасының 22-турында ПСЖ сырт алаңда «Реннге» есе жіберді

Реннде өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Муса Әл-Тамари, Эстебан Лепаул және Бреел Эмболо мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Осман Дембеле соқты.

Осылайша еншісінде 51 ұпайы бар Париждің клубы ішкі біріншілікте бірінші орында қалды.

Луис Энрике шәкірттері келесі турда 21 ақпан күні «Мецты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram