14.02.2026 13:37

Месси Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

14.02.2026 13:37

«Интер Майами» дүлдүлі Лионель Месси Аргентина құрамасымен Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

The Touchline хабарлауынша, 39 жастағы шабуылшы жазға дейін өзінің денсаулығын бағамдап көреді. Егер 100% дайын болмаса, мундиальға бармайды екен.

Осыған дейін Лео «Барселона Гуаякильге» (2:2) қарсы жолдастық кездесуде сол аяғының бұлшық етін ауыртып алып, қатардан шыққан еді.

Айта кетейік, Аргентина биылғы Әлем чемпионатында Алжир, Аустрия және Иорданиямен бірге J тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram