14.02.2026 16:22

Гордон АПЛ-дың топ-клубына ауысуы мүмкін

14.02.2026 16:22

«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 24 жастағы ағылшын вингеріне «Ливерпуль», «Арсенал» және «Манчестер Сити» қызығушылық танытуда. Бірақ бұлардың арасында «Ливерпуль» Гордонға басты үміткер болып тұр.

«Сауысқандар» басты жұлдызы үшін 85-95 миллион фунт стерлинг көлемінде ұсыныс түспейінше келіссөз де бастамайды екен.

Гордон осы маусымда 34 матчта 10 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram