14.02.2026 21:34
«Бавария» «Вердерді» тізе бүктірді
14.02.2026 21:34
Германия Бундеслигасының 22-турында «Бавария» сырт алаңда «Вердерден» басым түсті

Бремендегі «Верзештадионда» өткен кездесу 0:3 есебімен аяқталды. Матч барысында Харри Кейн дубль жасаса, Леон Горецка бір гол соқты.
Осылайша Мюнхеннің клубы 57-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басында қалды.
Венсан Компанидің шәкірттері келесі турда 22 ақпан күні «Айнтрахтты» қабылдайды.