15.02.2026 04:07
«Реал» ірі есеппен жеңіске жетті
15.02.2026 04:07
Испания Ла Лигасының 24-турында «Реал» өз алаңында «Реал Сосьедадты» тізе бүктірді

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Винисиус Жуниор дубль жасаса, Гонсало Гарсия мен Федерико Вальверде бір голдан соқты. Ал «Реал Сосьедадтың» құрамында жалғыз Микель Оярсабаль мергендік танытты.
Осылайша 60-ұпайын еншілеген «бланкос» турнир кестесінде көш басына көтерілді.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 21 ақпан күні «Осасунаға» қонаққа барады.