06.05.2026 13:24

«Реал» ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

06.05.2026 13:24

«Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, оған «Манчестер Сити» қызығушылық танытуда және ол үшін 90 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын. «Қалалықтардың» бас бапкері Пеп Гвардиолаға Тчуаменидің ойыны қатты ұнайды екен.

Ал Мадридтің клубы ойыншысын жібергісі келмейді, бірақ мынадай сома ұсынылып тұрғанда райынан қайтуы мүмкін.

26 жастағы француз ойыншысы «бланкос» сапына 2022 жылы «Монакодан» 80 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 46 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram