06.05.2026 11:24
«Арсенал» өз рекордын жаңартты
06.05.2026 11:24
Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Арсенал» өз алаңында «Атлетиконы» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша «зеңбірекшілер» осы маусымда барлық турнирді қоса есептегенде 41-жеңісіне жетіп, 1970/71 жылғы маусымда тіркелген рекордын (41 жеңіс) қайталады.
Микель Артетаның шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді. Енді 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін ақтық матчта «Бавария» – ПСЖ (5:4) жұбының жеңімпазымен кездеседі.