06.05.2026 02:16

«Арсенал» – «Атлетико» матчының үздік ойыншысы белгілі болды

06.05.2026 02:16

Деклан Райс Чемпиондар лигасы жартылай финалы аясында өткен «Арсенал» мен «Атлетико» арасындағы қарымта матчтың үздік ойыншысы атанды

27 жастағы англиялық жартылай қорғаушы бұл матчта толық 90 минут ойнады. Осы уақыт ішінде ол 9,9 шақырым жүгіріп тастаса, ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 32,4 шақырымға дейін жетті. Ал пастарының дәлдігі 91%-ды құрады.

Аталған ойын 1:0 есебімен аяқталып, 44-минутта Букайо Сака жалғыз голды соқты. Енді Лондонның клубы 30 мамырда Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін финалында «Бавария» – ПСЖ (4:5) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

«Зеңбірекшілер» Райсты 2023 жылы «Вест Хэмнен» 116,6 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 52 матчта бес гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram