05.05.2026 22:56

«Арсенал» – «Атлетико» матчының негізгі құрамдары белгілі болды

05.05.2026 22:56

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Арсенал» өз алаңында «Атлетиконы» қабылдайды

Матч алдында қос команда негізгі құрамын жариялап қойды.

«Арсенал»: Давид Райя – Риккардо Калафьори, Габриэль, Уильям Салиба, Бен Уайт – Майлз Льюис-Скелли, Деклан Райс – Леандро Троссард, Эберечи Эзе, Букайо Сака – Виктор Дьокереш;

«Атлетико»: Ян Облак – Маттео Руджерри, Давид Ганцко, Робин Ле Норман, Марк Пубиль – Адемола Лукман, Коке, Маркос Льоренте, Джулиано Симеоне – Хулиан Альварес, Антуан Гризманн.

00:00-де басталатын кездесуді Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Мадридте өткен алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram