05.05.2026 19:44
«Реалда» тағы жанжал
05.05.2026 19:44
Эль-Класико алдындағы «Реал» ішіндегі атмосфера нашар

The Athletic хабарлауынша, Антонио Рюдигер сәуір айында негізгі құрамның бір ойыншысымен жаттығу базасындағы киім ауыстыратын бөлмеде сөзге келіп қалыпты және жанжалды 33 жастағы неміс қорғаушысының өзі бастаған. Бірақ Рюдигер өткен жұмада қатесін мойындап, оны жуып-шаю үшін командаластарын отбасымен қоса түскі асқа шақырыпты.
Сондай-ақ Килиан Мбаппе де бас бапкер Альваро Арбелоаның штабындағы қызметкермен кикілжіңге келіп қалыпты. Нақтырақ айтсақ, 27 жастағы француз форварды жаттығу кезінде төреші рөлін атқарған көмекші маманға офсайд жалауын көрсеткені үшін дөрекі сөйлеген.
«Бланкос» келесі кездесуін 10 мамыр күні Испания Ла Лигасының 35-туры аясында «Барселонаға» қарсы «Камп Ноуда» өткізеді.