05.05.2026 20:26

Ямаль жаттығуға кірісті

05.05.2026 20:26

«Барселона» вингері Ламин Ямальдың жағдайы белгілі болды

18 жастағы испаниялық ойыншы жаттығу залында және алаңда жеке шынығуды бастады. Бұл туралы өзі Instagram желісінде ашық жариялады.

Ол осыған дейін «Сельтаға» (1:0) қарсы ойында сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, кейінгі екі матчтан тыс қалды. Қазір жағдайы тәуір, Әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.

Ямаль осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram