06.05.2026 01:57

«Арсенал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

06.05.2026 01:57

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Арсенал» өз алаңында «Атлетиконы» 1:0 есебімен тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 44-минутта Букайо Сака соқты. Осылайша «зеңбірекшілер» қос матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алады. Лондонның клубы трофейді «Бавария» – ПСЖ (4:5) жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.

Ақтық ойын 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram