06.05.2026 11:41
«Арсенал» 22 жыл бұрынғы нәтижесін қайталады
06.05.2026 11:41
Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Арсенал» өз алаңында «Атлетиконы» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша «зеңбірекшілер» осы маусымдағы 30 матчта қақпасына доп өткізбеді. Бұған дейін мұндай көрсеткіш соңғы рет 1993/94 жылғы маусымда орнаған.
Сондай-ақ қақпашы Давид Райя Чемпиондар лигасының бір маусымында тоғыз матчта қақпасын «құрғақ» сақтап, 2020/21 жылғы маусымда «Челси» голкипері Эдуард Менди тіркеген рекордты қайталады.
Микель Артетаның шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді. Енді 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін ақтық матчта «Бавария» – ПСЖ (5:4) жұбының жеңімпазымен кездеседі.